Боксшылар дайындық үстінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боксшылар дайындық үстінде

29.03.2014
Боксшылар дайындық үстінде
Астанада бокстан Ұлттық құрама мүшелері кезекті оқу-жаттығу жиындарын бастады. Спорттық шараға бас бапкер Мырзағали Айтжанов 40 боксшыны шақырған.
 
Екі аптаға созылатын жиында былғары қолғап шеберлеріміз екі бірдей сайысқа дайындықтарын пысықтайды. І Халықаралық турнир сәуір айының 8-ші жұлдызында Польшада бастау алады. Аталмыш жарыста ел намысын Жомарт Ержан, Ержан Ордабаев, Дархан Жұмсақбаев, Алмасбек Әлібеков, Рустам Сваев және Алексей Севастьянов қорғайтын болса, құрамына Әділет Құрметов, Қайрат Ералиев, Айдар Әмірзақов, Жәнібек Әлімханұлы және Асқар Абдуллаев енген команда Финляндия жерінде жалауын желбірететін бәсекеде бағын сынамақ. Жігіттер жауапты сынға сақадай сай.
 
Мырзағали Айтжанов, бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері:
Кімнің жеңіске жететінін ринг көрсетеді. Біз жарыстарға жігіттерімізді тексеру ретінде, тәжірибе жинақтауға жібереміз. Ірі сайыстар жігіттердің тәжірибесін толықтыруға көп көмектеседі.

Хабарламаларға жазылу