«Таңшолпан». Боксшы Айдос Ербосынұлы: Қазақ еліне қуаныш сыйлауға тырысамыз (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Боксшы Айдос Ербосынұлы: Қазақ еліне қуаныш сыйлауға тырысамыз (ВИДЕО)

05.09.2017

9 қыркүйек күні елорда төрінде үлкен бокс кеші өтеді. Осыған орай бағдарламаға ел мақтаныштары, кәсіпқой боксшылар Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жаңабаев келіп, сұхбат берді.

«Бокс кешіне дайындық үстіндеміз. Қазақ еліне қуаныш сыйлауға тырысамыз. Спортшылардың ішінде алаңға Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахмедов, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Исатаев, Руслан Мырзатаев, Димаш Ниязов секілді боксшылар шығады.

Спарринг серіктестеріміз Эквадор, Куба сияқты сырт елдерден келген спортшылар. Олармен қатар шет елден жаттықтырушылар да келді. Жалпы, командамыз мықты», - дейді былғары қолғап шеберлері.

 

Хабарламаларға жазылу