Баскетбол. «ВЭФ» - «Астана» 97:83 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баскетбол. «ВЭФ» - «Астана» 97:83

25.03.2014
Баскетбол. «ВЭФ» - «Астана» 97:83

ВТБ лигасының соңғы турында «Астана» баскетбол клубы сырт алаңда латвиялық «ВЭФ» командасымен кездесіп, 83:97 есебімен ұтылды.

 
Рамунас Бутаутас шәкірттері матч басталысымен басымдықты өз қолдарына алып, есеп айырмашылығын кездесудің соңына дейін сақтай алды. Ригалықтар өз мүмкіндіктерін мүлт жібермей, әрбір шабуылдан ұпай жинады.
 
Бұл ойынға «Астана»  сапынан ұзақ уақыт жарақатына байланысты алаңға шықпаған Брион Раш пен Антон Пономарев қатысты. Ал елордалық ұжымның ішінен ең көп ұпайды Олашени Лаваль, Джерри Джонсон және Дэвид Саймон жинады.
 
Енді Александр Трифунович шәкірттері плей-офф кезеңінде бақ сынайды. Алғашқы қарсыласы  - «Нижний Новгород» командасы.
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу