«Нептунас» пен «Астана» баскетбол клубтары кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нептунас» пен «Астана» баскетбол клубтары кездесті

10.03.2014
«Нептунас» пен «Астана» баскетбол клубтары кездесті

ВТБ бірегей лигасының 16-шы тур ойындары аясында «Астана» баскетбол клубы сырт алаңда «Нептунас» командасымен күш сынасты. Екі ұжым арасындағы кездесу тартыстқа толы болды

 
Матч басталысымен ойын тізгінін  қолдарына алған Александр Трифунович шәкірттері алға шықты. Осы қарқынынан таймаған елордалық клуб жеңіске жетті.
Қорытынды есеп - 86:91.
 
Осылайша, жерлестеріміз плей-офф кезеңінде өнер көрсетуге мүмкіндік беретін жолдаманы иеленді. Ойын барысында ең көп ұпай жинаған баскетболшы ретінде Джерри Джонсон танылды. Оның еншісінде - 17 ұпай. Қарсыластар сапынан Вальдас Василюс 19 ұпайға қол жеткізген.
 
Енді «Астана» басткетболшылары наурыз айының 24-ші жұлдызында «ВЭФ» командасымен кездесетін болады.  

Хабарламаларға жазылу