«Түнгі студияда» - «Астана» баскетбол клубы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - «Астана» баскетбол клубы

15.04.2015
«Түнгі студияда» - «Астана» баскетбол клубы

«Астана» баскетбол клубы 2011 жылдың наурыз айында, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен құрылды. 2013 жылы клуб «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кірді.

Бүгінде «Астана» БК – қазақстандық жетекші ойыншыларды біріктірген клуб. Құрамына Рүстем Мырзағалие, Рустам Яргалиев, Антон Пономарев, Дмитрий Климов, Павел Ильин, сондай-ақ, Джерри Джонсон, Дэвид Саймон, Брион Раш және Бранко Цветкович сияқты Еуропада жақсы таныс легионерлерді топтастырған.

Қазақстан Кубогының төрт мәрте иегері, ҚР Ұлттық лигасының екі мәрте чемпионы болған клуб бүгінде жақсы нәтиже көрсетуде.

Литваның «Жальгирис», «ВЭФ», «Летувос- Ритас», Украинаның «Будивельник», «Донецк», «Азовмаш», Эстонияның  «Калев»,  Ресейдің «Нижний Новгород», «Красные Крылья» және «Химки» сынды клубтарын жеңген «Астана» бүгін 23.45-те «Түнгі студияда» қонақта.

Хабарламаларға жазылу