Паралимпиадалық ойындар басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиадалық ойындар басталды

07.03.2014
Паралимпиадалық ойындар басталды

Сочиде Паралимпиада ойындары басталды. Жарысқа 45 елдің спортшылары қатысуда. Олардың қатарында жерлестеріміз де бар. Бүгін Олимпиада ауылында Қазақстан, Финляндия және Швеция елінің ту көтеру рәсімі өтті.

 
Қазақстандық спортшылар бес жолдама жеңіп алған болатын. Олар шаңғы спорты мен биатлонда бақ сынайды. Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімін бүгін 22:00-де «KAZsport» телернасынан тікелей эфирде көре аласыздар.
 
Жаңыл Балтабаева, Паралимпиададан Ұлттық құрама мүшесі:
Қазақстанның Туы көтерілгенде ерекше сезімде болдым. Үнемі Қазақстан деген жазуы бар киім киетін едім. Елім үшін бәріне дайынмын. Бұл бәсекеде жақсы нәтиже көрсетуге ұмтыламын.
 
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу