Астанада инклюзивті ойындар сайысы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада инклюзивті ойындар сайысы өтіп жатыр

21.09.2023

Астанада республикалық «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындар сайысы өтіп жатыр. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шараның мақсаты − 10-16 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің спорттық әлеуетін арттыру. Сонымен қатар әлеуметтік белсенділігін дамыту. Сайысқа қатысушылар спорттың жеңіл атлетика, мини-футбол, үстел теннисі, ұлттық ойын түрлері: «бес тас», «асық ату» және «тоғыз құмалақтан» бақ сынауда. Елдің түкпір-түкпірінен келген қатысушылардың саны 400-ден асады.

Алмагүл Сәлімбаева, ұйымдастырушы:

Ойынның аты «Жұлдыз-ай». Біз әрбір баланың жүрегінен, өмірінен жұлдыз жағамыз деп ойлаймыз. Бүгінгі жеңіске жеткен балаларды алдағы уақытта паралимпиадалық жеңімпаздары ретінде күтеміз.


Ақмаржан Ғафиз

Хабарламаларға жазылу