Сочидегі олимпиадалық нысандардың нышандары алмастырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочидегі олимпиадалық нысандардың нышандары алмастырылуда

01.03.2014
Сочидегі олимпиадалық нысандардың нышандары алмастырылуда
Сочидегі спорттық нысандарда, сонымен қатар әуежай мен вокзалдардағы олимпиадалық  нышандар алмастырылуда. Олардың орнына Паралимпиадалық ойындардың символы – «Агитос» ілінуде.
 
Эмблема бір нүктенің төңірегіне орналасқан қызыл, көк және жасыл жарты шардан тұрады. Ол өз жетістіктерімен әлемді таңғалдыратын спортшылардың бірлесуіндегі Халықаралық паралимпиадалық комиттеттің рөлін бейнелейді. Үш жарты шар ақыл, дене және рухты білдіреді, дейді ұйымдастырушылар.
 
Паралимпиадалық символдар 5-ші наурызға дейін жарыс ұйымдастырылатын «Шайба» мұзайдыны, керлинг орталығы, «Роза Хутор» тау шаңғысы мен «Лаура» шаңғы және биатлон кешенінде орнатылады.  
Сонымен қатар, «Агитос» символы  Паралимпиадаға қатысушылардың тұратын жері мен «Фишт» стадионын көркемдейді.
 
Сочидің Олимпиадалық саябағы қонақтарды тағы да қабылдайды. 7-ші наурыздан бастап Паралимпиадалық ойындар басталады. Бұл бәсекеге Қазақстан атынан бес спортшы қатысады.

Хабарламаларға жазылу