Паралимпиадалық ойындар басталды
Сочиде Паралимпиада ойындары басталды. Жарысқа 45 елдің спортшылары қатысуда. Олардың қатарында жерлестеріміз де бар. Бүгін Олимпиада ауылында Қазақстан, Финляндия және Швеция елінің ту көтеру рәсімі өтті.
Қазақстандық спортшылар бес жолдама жеңіп алған болатын. Олар шаңғы спорты мен биатлонда бақ сынайды. Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімін бүгін 22:00-де «KAZsport» телернасынан тікелей эфирде көре аласыздар.
Жаңыл Балтабаева, Паралимпиададан Ұлттық құрама мүшесі:
Қазақстанның Туы көтерілгенде ерекше сезімде болдым. Үнемі Қазақстан деген жазуы бар киім киетін едім. Елім үшін бәріне дайынмын. Бұл бәсекеде жақсы нәтиже көрсетуге ұмтыламын.
Индира БЕКТЕНОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысына 16,4 млрд доллар жұмсалады
31.05.2026, 20:00
Чемпиондар лигасының финалы қалай өтті?
31.05.2026, 19:58
Пластикалық ота: Клиникаларға қойылатын талап қандай?
31.05.2026, 19:54
Көлік арзандауына не себеп?
31.05.2026, 19:52
ЕАЭО саммиті: Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық интеграцияны тереңдетуге үндеді
31.05.2026, 19:49
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
31.05.2026, 19:45
Брюссельде шетелдіктер қазақ тілін үйреніп жүр
30.05.2026, 20:21
«ПСЖ» - «Арсенал» матчы «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі
30.05.2026, 20:19