Басты Жаңалықтар Астанада боран соғып, тұман түседі

Астанада боран соғып, тұман түседі

Алдағы үш күн Астанада боран, көктайғақ және тұман болады. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 23 метрге жетуі мүмкін. Ауа температурасы күндіз 7 градусқа дейін, түнде 13 градусқа дейін төмендейді. Ертең тағы қар жауып, көктайғақ болады. Алматыда да жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал. «Қазгидрометтің» болжамынша, сынап бағанасы түнде 3, күндіз шамамен 8 градус болады. 29 қараша жауын-шашын басылады. Бірақ тұман түседі. Ауа температурасы 5-7 градус аралығында болуы мүмкін.

Бөлісу