Әлеуметтік желіде спортшыларға ерекше қолдау көрсетілуде (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік желіде спортшыларға ерекше қолдау көрсетілуде (ФОТО)

07.02.2014
Әлеуметтік желіде спортшыларға ерекше қолдау көрсетілуде (ФОТО)
Сочи Олимпиадасына қатысатын спортшыларға жанкүйерлердің қолдауы шексіз. Әсіресе, жанкүйерлер әлеуметтік желілерде белсенділік танытуда. «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы қолдауымен «Like Kazakhstan in Sochi» атты халықаралық онлайн-акция өтуде.
 
Спортшыларға қолдау көрсету үшін жанкүйерлер отбасымен немесе достары, әріптестерімен бірігіп, like Kazakhstan in Sochi жазуымен бірге суретке түсіп, сол суретті әлеуметтік желі беттеріне орналастыру керек.
Барлық фотопост #likeKazakhstanInSochi# хэштегімен жазылуы керек.
 
Акция мерзімі 6-шы ақпанынан бастап, 1-ші наурызға дейін жүреді.

Хабарламаларға жазылу