Жерлестеріміз «Хуаньта» 2014 жарысына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерлестеріміз «Хуаньта» 2014 жарысына қатысады

18.02.2014
Жерлестеріміз «Хуаньта» 2014 жарысына қатысады
 
Қазақ спортшылары қытайдың Шыңжаң жерінде өтетін Халықаралық «Хуаньта» 2014 авторалли жарысына қатысады. Бұл туралы Алматыда өткен ортаазиялық Шығыс Дакар-Хуаньта раллиінің тұсаукесерінде айтылды. Беделді сайыс осы жылдың 25 мамыры мен 7 маусым аралығына жоспарланып отыр. 14 күндік жарыс 12 кезеңнен тұрады.
 
Такламакан шөлінің ойлы-қырлы жеріндегі жарыс жолы 6500 шақырымды құрайды. Ақсудан басталатын ралли Хамиде аяқталады. Ұйымдастырушыларының айтуынша, жарыс бағыты Орта және Батыс Азия елдерінен Еуропаға қарай ойыспақ.
 
Фан Чжен, Хуаньта компаниясының бас менеджері:
Бұл жарыс Қазақстандағы автомотоспортты насихаттап, ралли әуесқойларының жарысқа деген қызығушылығын арттырады. Отандастарыңыздың жарысқа қатысуы екі ел арасындағы достықты нығайтып, жаңа Жібек жолы экономикасын құру үшін жасалған қадамға айналмақ.
 
Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу