Сочи-2014: Бүгін жарыс жолына төрт қазақстандық спортшы шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи-2014: Бүгін жарыс жолына төрт қазақстандық спортшы шығады

18.02.2014
Сочи-2014: Бүгін жарыс жолына төрт қазақстандық спортшы шығады
  Бүгін қазақстандық жанкүйерлер үшін Олимпиаданың кезекті күні шорт-трек жарыстарынан басталмақ.
 
Астана уақытымен сағат 15:30-да «Айсберг» қысқы спорт сарайында 23 жастағы қазақстандық Инна Симонова 1000 метр қашықтыққа жүгіреді. Бұған дейін ол шорт-тректе 500 және 1500 метрлік жарыста бақ сынап көрген болатын. Екеуінде де өз тобында мәреге төртінші жетті. Бұл жолы АҚШ, Польша және Корея спортшыларымен бәсекеге түседі.
 
Командалық спринтте финалға шыққан қазақстандық тағы екі шорт-трекші 500 метрге жүгіреді. 20 жастағы Айдар Бекжанов британдық, америкалық және ресейлік спортшылармен, 23 жастағы Нұрберген Жұмағазиев венгрлік, қытайлық және голландиялық бәсекелестерімен жарыс жолына шығады. Жарыс «Айсберг» кешенінде Астана уақытымен 17:15-те басталады.
 
Жарыс күнін 10 мың метрлік қашықтықта  28 жастағы конькимен жүгіруші Дмитрий Бабенко аяқтайды.  Бұған дейін Дмитрий 5000 метр қашықтыққа 15-ші орынға және 1500 метрлікке жүгіріп, 30-шы орынға табан тіреген болатын. Бұл жолы ол германиялық Патрик Беккертпен жұптасып, жарыс жолына төртінші  шығады. Жарыс «Адлер-Арена» стадионыныда сағат 19:00-де басталады.
 
Бүгінгі жарыстарды KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу