Эстафеталық жарыста Швеция құрамасы жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эстафеталық жарыста Швеция құрамасы жеңіске жетті

15.02.2014
Эстафеталық жарыста Швеция құрамасы жеңіске жетті
  Сочи Олимпиадасында шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы 4х5 шақырымдық эстафетада Швеция құрамасы жеңіске жетті. Ида Ингемарсдоттер, Эмма Викен, Анна Хог және Шарлотта Калла  нәтижесі - 53 минут 2,7 секунд.
 
Мәреге екінші Финляндия құрамасы жетті. Бұл елдің намысын Анне Кюллёнен, Айно-Кайса Сааринен, Кертту Нисканен және Криста Ляхтеэнмяки қорғады. Олар швециялық шаңғышыларнан 0,5 секундқа кеш келді.
 
Үшінші орында – Германия.  Николь Фессель, Штефани Бёлер, Клаудия Нюстад және Дениз Херрман жеңімпаздардан 0,9 секунд қалып қойды.

Хабарламаларға жазылу