Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Италия-Швеция матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Италия-Швеция матчын тікелей эфирде көрсетеді

17.06.2016
Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Италия-Швеция матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «E» тобындағы Италия және Швеция құрамаларының арасында 2-ші тур ойыны өтеді. Бұл ойынды «Kazsport» телеарнасы сағат 18:50-де назарларыңызға ұсынады.

Италия құрамасы бірінші турда Бельгияны 2:0 есебімен ұтты. Ал, Швеция футболшылары Ирландия құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнаған.

Екі құрама бұған дейін 23 ойын өткізген. Оның 11 матчында Италия құрамасы жеңіске жеткен болса, Швеция 6 ойында ұтқан. Ал, 6 ойын тең аяқталған.

FIFA рейтингінде Италия 12-ші орында, Швеция құрамасы 35-ші сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Италия-Швеция ойынының қайталауын «Kazsport» телеарнасы ертең, 18 маусымда, сағат 05:45-те көрсетеді

Хабарламаларға жазылу