Басты Жаңалықтар «Ауыл» партиясы сайлау қорытындысын саралады

«Ауыл» партиясы сайлау қорытындысын саралады

«Ауыл» партиясы Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын қорытындылап, алдағы міндеттерін айқындады. Республикалық сайлау штабының отырысында өңірлік бөлімшелердің жұмысы сараланып, халықпен байланысты нығайту жолдары талқыланды. Сайлау науқанында партия атынан еліміздің 20 өңірінде 440 кандидат бақ сынап, 1405 үгіт-насихат шарасы өткізілген. Жиында тұрғындардан түскен өтініштер мен ұсыныстарды назардан тыс қалдырмау мәселесіне басымдық берілді. Партия өңірлік филиалдар мен мәслихат депутаттарының бірлескен жұмысын жандандыруды көздеп отыр. Алдағы уақытта ауылдағы қордаланған мәселелерді шешуге атсалысып, жергілікті жұрттың бастамаларын қолдауға күш салмақ.

Дәурен Бабамұратов, «Ауыл» партиясы орталық аппаратының жетекшісі:

Біздің 440  кандитатымыздың ішінде 112-сі  партиялық тізім бойынша 20 өңірдің барлығында ұсынылған болатын. 19 өңірде қазіргі таңда сайлауды әрі қарай жалғастырып жатырмыз.

Бөлісу