Басты Жаңалықтар Қазақстан мен Ресей жүк тасымалын цифрландыруға кірісті

Қазақстан мен Ресей жүк тасымалын цифрландыруға кірісті

Қазақстан мен Ресей көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты цифрлық технологиялар арқылы дамытуды көздейді. Әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекараға ие қос мемлекет осылайша өзара байланысты бекемдей түспек. Биыл Омбыда өткен Өңіраралық ынтымақтастық форумында Қазақстанның Smart Cargo және AI Zhol цифрлық жобалары таныстырылды. Олар жүк тасымалын жетілдіруге және көлік инфрақұрылымын басқаруды оңтайландыруға бағытталған. Ал қазанда екі ел арасында жүк тасымалына қатысты құжаттарды электронды түрде рәсімдеу арқылы алғашқы сынақ рейсі жүзеге асырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мамыр айында Владимир Путиннің Қазақстанға сапары аясында Астана – Мәскеу бағытында ұшқышсыз технологиялармен жүк тасымалдау жобасы таныстырылды. Оған «КАМАЗ» компаниясы қатысты.  Басқаша атйқанда, көлік байланысын одан әрі цифрландыру үшін берік негіз қаланды деп айтуға болады. Ендігі міндет – ұлттық ақпараттық жүйелердің өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету және осындай инновациялық шешімдерді іс жүзінде кеңінен қолдану.

Жасанды интеллектінің дамуы көлік саласымен қатар, еңбек нарығына да өзгеріс әкелмек. AI JOURNEY 2026 конференциясында Президент кадр даярлау жүйесін заман талабына сай бейімдеу қажеттігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Менің штаттан тыс кеңесшім, беделді сарапшы Ли Кайфудың болжамынша, 2035–2041  жылдар аралығында жасанды интеллект жұмыс орындарының шамамен 30–40 пайызын алмастыруы мүмкін. Сондықтан болашақта сұранысқа ие болатын кәсіби дағдыларды алдын ала болжау, сондай-ақ мамандарды қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу бағытындағы ынтымақтастықтың маңызы арта түседі.

Бөлісу