Басты Жаңалықтар ҰҚК «ҚТЖ – ЖҮК тасымалының» бұрынғы басшылары ұсталғанын растады

ҰҚК «ҚТЖ – ЖҮК тасымалының» бұрынғы басшылары ұсталғанын растады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «ҚТЖ – Жүк тасымалы» серіктестігінің бұрынғы басшылары ұсталғанын растады. Атап айтқанда, 9–10 қараша күндері компанияның бұрынғы бас директоры Владимир Петров, оның орынбасары Қайрат Қабылов және сатып алуды қамтамасыз ету департаментінің директоры Азамат Сембай қолға түскен. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілініп отыр. 11 және 12 қарашада сот санкциясымен күдіктілер екі айға қамауға алынды. Қазір істің мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Бөлісу