Басты Жаңалықтар Еңбек еткеннің еңсесі биік

Еңбек еткеннің еңсесі биік

Еңбек нарығында әр азаматтың өз орны бар. Бірі жалдамалы жұмыс істесе, енді бірі жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Ал мемлекет жұмыспен қамтуға жәрдемдесіп, кәсіп бастауға мүмкіндік беретін бағдарламаларды ұсынып келеді.

«Балық берме, қармақ бер». Қармағы қапқан, кәсібін тапқандардың бірі – Бағлан Сейфулла. Көз жанарына зақым келсе де, еңсесін түсірмей, еңбек етіп жатыр. Мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алып, қазір құс шаруашылығымен айналысады. Сыр өңіріндегі сұраныстың біразын бір өзі өтеп отыр. Кейінгі кезде жан-жақтан тапсырыс түсе бастаған.

Бағлан Сейфулла, кәсіпкер:

Вакуум пакетке салып, Шымкент, Ақтау, Алматыға жіберемін. Қазіргі таңда менде бөдене саны 500-ден түспейді. Негізі маусым кезінде 1000–1500-ге дейін жетеді. Апта сайын етке сойылып отырады. Жұмыс жоқ деп отырсаң, отыра бересің.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елде 9 миллион 403 мың адам жұмыспен қамтылған. Олардың 77,1 пайызы – тұрақты еңбек етеді, қалған бөлігі – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар.

Жеңісхан Дарима, экономика ғылымдыраныың кандидаты:

Өзін өзі жұмыспен қамту – еңбек нарығының индикаторларының бірі деп айтуға болады. Әлеуметтік жәрдемақылардың көп болуы адамның өз бетінше жұмыс табуға деген белсенділігін төмендетеді. Әлеуметтік жәрдемақы тұрмыс сапасының жақсаруына әсер етпейді ғой.

Сондықтан мемлекет азаматтарға бос жұмыс орындарын ұсынады. Бұған қоса...

Шыңғыс Жәнібекұлы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы:

Оларға тұрақты жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама беру, сондай-ақ біліктілігі төмен болған жағдайда қайта даярлау қарастырылған.

Осындай қолдаудың нәтижесінде 6 мыңдай адам тұрақты жұмыс тапса, Бағлан секілді кәсіп бастаған азаматтар да баршылық.

Бөлісу