Басты Жаңалықтар Қазақстаннан Индонезияға өңделмеген мұнай экспортталды

Қазақстаннан Индонезияға өңделмеген мұнай экспортталды

Биыл алғаш рет Қазақстаннан Индонезияға өңделмеген мұнай экспортталды. Индонезия тарихында қазақ жерінен жеткен қара алтынның  көлемі 2,3 миллион баррельден асады. Екіжақты ынтымақтастықтың негізгі нәтижелері Астанада өткен дипломатиялық қабылдауда қорытындыланды. Іс-шара Индонезия тәуелсіздігінің 81 жылдығына және Қазақстан мен Индонезия арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 33 жыл толуына орай ұйымдастырылды.  Екі ел арасындағы сауда айналымы да айтарлықтай өсті. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында оның көлемі 467 миллион АҚШ долларына жетті. Индонезия қазақстандықтар арасында да танымал туристік бағытқа айналып келеді. Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында бұл елге 24 мыңға жуық отандасымыз саяхаттаған. Индонезия тарапы жыл соңына дейін Қазақстаннан баратын туристер санын 50 мыңға жеткізуді көздеп отыр.

Мохамад Фаджрул Рахман, Қазақстандағы Индонезияның елшісі:

Біз сондай-ақ Қазақстанның энергетика саласына инвестиция салуға және осы саланы дамытуға қатысуға мүдделіміз. Біздің болжамымыз бойынша, алдағы үш-бес жылда екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 2 миллиард АҚШ долларына жетуі мүмкін.

Бөлісу