Мәслихаттардың рөлі мен жауапкершілігі талқыланды
Жергілікті мәслихат депутаттары халықтың күнделікті мәселелерін шешуге белсенді араласып, сайлаушылармен байланысты күшейтуі керек. Бұл мәселе Алматыда өткен «Жаңа Конституция жағдайындағы жергілікті өкілді органдар: рөлі, функциялары және даму перспективалары» тақырыбындағы отырыста көтерілді. Жиында мәслихаттардың өкілеттігі, жауапкершілігі және жергілікті басқару жүйесіндегі рөлі талқыланды. Сарапшылардың пікірінше, мәслихаттардың тиімді жұмысы тұрғындардың жергілікті мәселелерін шешуге тікелей әсер етеді. Сондықтан депутаттар мен халық арасындағы байланысты нығайту жергілікті басқаруды дамытудың маңызды бағыттарының бірі.
Жомарт Сімтіков, саясаттанушы:
Осы сайлаудағы болатын түрлі іс-шаралардың алдын алуға негізделген және әркім өзінің осы сайлау алдындағы болып жатқан процестің қандай жағдайда өтіп жатқандығын және халықтың көңіл күйін және оның соңғы қорытындыларына өздерінің көзқарасын білдіреді ғой деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы