Басты Жаңалықтар Өңірлерді дамыту мәселелері талқыланды

Өңірлерді дамыту мәселелері талқыланды

Ұлытау, Атырау облыстары мен Алматы қаласында жаңа нысандар салу, халықты сапалы ауыз сумен қамту, электрмен тұрақты жабдықтау және білім беру сапасын арттыру мәселелері талқыланды. «Әділет» партиясының өкілдері еңбек ұжымдары және өңір тұрғындарымен кездесіп, Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттердің жергілікті жерлерде қалай жүзеге асатынын және оның халық өміріне қандай өзгеріс әкелетінін сөз етті. Бүгінде Ұлытау облысында 2029 жылға дейін 58 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде Жезқазғанда Конгресс-орталық, университет және әлеуметтік нысандар салу көзделген. Атырауда ауыз сумен қамтамасыз ету, коммуналдық желілерді жаңғырту және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері көтерілді. «Халықтық құрылыс» бастамасы аясында 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлу көзделген. Алматыда білім сапасын арттыру, педагогтерді қолдау, білім беру жүйесін цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу мәселелері талқыланды.

Қуандық Жақиялиев, «Әділет» партиясы Атырау қалалық филиалының төрағасы:

Бұның ішінде көп қызықтыратыны – халықтық құрылыс. Яғни сол құрылысқа халықтың барлығы бірдей атсалысып, соны талқылауға мүмкіндік алып отыр. Осыған байланысты су ресурстарын тиімді пайдалану және де осы денсаулық сақтау саласына, білім саласына қатысты.Жолдауды насихаттау кезінде көптеген сұрақтар қойылып, оларға байыпты түсінік берілген болатын.

Бөлісу