Басты Жаңалықтар Өлмейтұғын артында із қалдырған…

Өлмейтұғын артында із қалдырған…

Қазақ елі тұңғыш антрополог Оразақ Смағұлұлын ақтық сапарға шығарып салды. Отандық антропология мектебінің негізін қалаушы, академик Қаныш Сәтбаевтың шәкірті, ғұлама ғалым 96 жасында дүниеден өтті. Ол бар ғұмырын қазақ халқының шығу тегі мен тарихын зерттеуге арнады. Көне дәуірдегі адам сүйектерін қазіргі қазақтардың антропологиялық ерекшеліктерімен салыстырып, ұлттың тарихи тамырын ғылыми тұрғыдан зерделеді. Қола дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі халықтардың антропологиялық сабақтастығын зерттеп, отандық ғылымда тың бағыт қалыптастырды. Ғалым 36 экспедициялық зерттеуге қатысып, 200-ден астам ғылыми еңбек жазған. Кеңестік кезеңдегі қысым мен цензураға қарамастан, ғылыми ізденісін тоқтатпаған Оразақ Смағұлұлы қазақ ғылымына өлшеусіз мұра қалдырды.

Бөлісу