Пәкістандық ғарышкер алғаш рет орбиталық станцияға аттанды
Бірнеше сағат бұрын Қытайдың солтүстік-батысындағы космодромнан «Шэньчжоу-24» кемесі ұшырылды. Онда үш ғарышкер бар. Олардың бірі алғашқы шетелдік азамат 40 жастағы пәкістандық Мұхаммед Зишан Әли. Оңтүстіказиялық мемлекеттің бірінші астронавты орбиталық бекетте 5-10 күн болып, бірқатар сынақтарға қатысады. Айта кетсек, бір кездері АҚШ Қытайдың НАСА-мен және халықаралық ғарыш станциямен ынтымақтасуына тыйым салды. Сондықтан Қытай 2021 жылы өзінің «Аспан сарайы» атты бекетін салуға кірісіп, оны 2022 жылы іске қосты. «Тяньгун» станциясына Қытай мыңнан астам ғылыми сынақ жүргізуді жоспарлап отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоңыр аю саны 27 пайызға көбейді
25.11.2026, 10:11
Полицейлер 38 бас жылқыны аман алып қалды
25.11.2026, 10:10
Ғалымдар обырды емдеудің жаңа жолын зерттеп жатыр
25.11.2026, 10:09
Президент «Халықтық құрылыс» бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
25.11.2026, 10:08
Әлеуметтік нысандардың 95 % инклюзивті ортаға бейімделген
25.11.2026, 10:08
Балық аулауға шыққан үш адам суға батып кетті
25.11.2026, 10:08
TikTok желісінде балағат сөйлеген тұрғын қамалды
25.11.2026, 10:07
Президент Жолдауы Түркияда талқыланды
25.11.2026, 10:07