Басты Жаңалықтар Ғалымдар обырды емдеудің жаңа жолын зерттеп жатыр

Ғалымдар обырды емдеудің жаңа жолын зерттеп жатыр

Отандық ғалымдар кей науқастарға химиотерапияның әсері неге төмен болатынын зерттеп жатыр. Зерттеуге шамамен 60 пациент қатысады. Мамандар зертханада ісік жасушаларының үш өлшемді үлгілерін өсіреді. Осылайша, обыр жасушаларының дәрі-дәрмекке қалай өзгеретінін бақыламақ. Сондай-ақ, ғалымдар ТАМ деп аталатын ақуыздарға ерекше назар аударып отыр. Себебі, олар обыр жасушаларының дәріге қарсы тұруына көмектесуі мүмкін. Қазір мамандар ақуыздардың белсенділігін төмендету арқылы  химиотерапияның әсерін күшейту жолдарын қарастырып жатыр. Егер зерттеу жұмысы нәтижелі болса, қуық обырын емдеудің жаңа тәсілдері әзірленбек.

Бөлісу