Басты Жаңалықтар Балық аулауға шыққан үш адам суға батып кетті

Балық аулауға шыққан үш адам суға батып кетті

 Шығыс Қазақстан облысында үш адам суға батып, қаза тапты. Қайғылы оқиға Шемонаиха ауданы маңында болған. Ертіс өзеніне балық аулауға барған азаматтар толық қатпаған мұз бетіне шыққан. Алайда жұқа мұз жарылып кеткен. Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері 1960, 1967 және 1984 жылы туған азматтардың денелерін судан алып шықты. Олардың ешқайсысында құтқару кеудешесі болмаған.  Мамандар тұрғындарды мұз толық қатпайынша су айдындарына шықпауды ескертеді.

Бөлісу