Басты Жаңалықтар «Қазақстан темір жолына» жаңа төраға тағайындалды

«Қазақстан темір жолына» жаңа төраға тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметті былтырғы жылдың ақпанынан бастап атқарған болатын. Экс министр бүгіннен бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын басқарады. Ерсайын Нағаспаев «Самұрық-Қазына» басқармасының шешімімен басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Ол әр жылдары әкімдіктерде, Инвестициялар комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде жұмыс істеген.

Бөлісу