Сочи-2014. АҚШ хоккейшілері 55 секундтың ішінде үш шайба салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи-2014. АҚШ хоккейшілері 55 секундтың ішінде үш шайба салды

10.02.2014
Сочи-2014. АҚШ хоккейшілері 55 секундтың ішінде үш шайба салды
Сочи Олимпиадасында әйелдер арасындағы хоккей турнирінде АҚШ құрамасы екінші жеңісін тойлады. Олар бұл жолы Швейцария құрамасын 9:0 есебімен тас-талқан етті.
 
Америкалық хоккейшілер алғашқы үш шайбасын 55 секундтің ішінде салды. Аманда Кессел, Кендалл Койн және Моник Ламурё екі реттен көзге түссе, Браинна Декер, Хилари Найт және Александра Карпентер бір-бірден мергендік танытты.
 
Ал АҚШ құрамасының қақпашысы Молли Шаус қарсыластарының 10 соққысын қайтарды.

Хабарламаларға жазылу