Хоккей. Қазақстан Ұлттық құрамасы алғашқы ойында жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хоккей. Қазақстан Ұлттық құрамасы алғашқы ойында жеңіске жетті

07.02.2014
Хоккей. Қазақстан Ұлттық құрамасы алғашқы ойында жеңіске жетті
Францияның Бриансон қаласында өтіп жатқан «Еурошақырту Кубогында» қазақстандық ұжым алғашқы жеңісіне жетті. Ари-Пекки Селин жаттықтыратын хоккейшілер Франция құрамасын 2:4 (2:1, 0;0, 2;1) есебімен ұтты. Ұлттық құраманың сапынан Е. Гасников, Р. Старченко, А. Литвиненко мен Р. Савченко шайба салды.
 
Енді Қазақстан хоккейшілері бүгін Астана уақытымен сағат 21:00-де Дания құрамасымен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу