Басты Жаңалықтар Бизнесті қолдау тетіктері қаралды

Бизнесті қолдау тетіктері қаралды

Қазақстан Халық Кеңесінде, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктерін кеңейту мәселесі талқыланды. Нұртай Сабильянов төрағалық еткен жиында кәсіпкерлерге несие қолжетімділігін арттыру, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету және әкімшілік кедергілерді азайту мәселелері көтерілді. Бүгінде елде  2 миллионға жуық шағын және орта бизнес субъектісі бар, онда 4 миллионға жуық адам еңбек етеді. Алайда жоғары пайыздық мөлшерлеме, кепілзат тапшылығы мен инфрақұрылымның әлсіздігі кәсіпкерліктің дамуына әлі де кедергі келтіріп отыр. Осыған байланысты ауылдағы және жаңадан іс бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауды кеңейту, субсидиялаудың орнына 12,6 пайыздық мөлшерлемемен тікелей несие беруді  ұсынды. Жиын қорытындысында кәсіпкерлерге қойылатын әкімшілік жүктемені азайтып, мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленді. 

Нұртaй Сабильянов, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

Қазіргі кезде кәсіпкерлерге ең керек жағдай ол жеңілдетілген несие. Осыған қолжеткізуіміз керек. Қазір даму институттары жеңілдетілген несие беріп жатыр. Бірақ, барлық кәсіпкерліктер оған қол жеткізе алмайды. Ол басым бағытқа ие болған кәсіпкерліктер алады. Біздің ойымызша, кім жұмыс істеймін дейді, өндіріспен айнналысамын дейді, ауылшаруашылығын дамытамын дейді, осындай субьектілерге жеңілдетілген несие беру. Сол арқылы кәсіпкерліктікті дамыту. 

Бөлісу