Екі елдің сыртқы істер министрлері кездесті
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Брюссельге сапары аясында бельгиялық әріптесі Максим Превомен келіссөздер өткізді. Тараптар Қазақстан-Бельгия әріптестігінің қазіргі деңгейін жоғары бағалап, саяси диалогты одан әрі тереңдету, сауда-экономикалық және гуманитарлық қатынастарды жан-жақты нығайту жайын талқылады. Сондай ақ, министрлер екі елдің ынтымақтастығын әңгімеге арқау етіп, өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Келіссөз соңында тараптар Қазақстан-Бельгия әріптестігін одан әрі нығайтып, ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.
Максим Прево, Бельгияның сыртқы істер министрі:
Екі ел қол қойған жол картасының арқасында біз Қазақстанмен маңызды шикізат, энергетика, логистика, фармацевтика және биофармацевтикалық технологиялар, сондай-ақ жартылай өткізгіштер өнеркәсібі салаларында ынтымақты күшейтпекпіз. Бельгияда Қазақстанмен өз тәжірибесі, технологиясымен бөлісе алатын мықты мамандар, әлемдік деңгейдегі компаниялар жетерлік. Екі елге де өзара пайда әкелетін келісімдерге назар аудара отырып, қарым-қатынасымыздың жаңа тарауын ашатын кез келді.
Мұхтар Тілеуберді, ҚР сыртқы істер министрі:
Бельгия ЕуроОдақтағы ең мықты мемлекеттің бірі. Бельгияның ЕуроОдаққа деген ықпалы өте жоғары. Сондықтан біздің мәселелерімізді ЕуроОдақта әрі қарай жылжытуға көмектесуге сыртқы істер министрі уәде берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы