Басты Жаңалықтар Астанада 80 қауіпті жаяу жүргіншілер өткелі анықталды

Астанада 80 қауіпті жаяу жүргіншілер өткелі анықталды

Астанада 80 қауіпті жаяу жүргіншілер өткелі бар. Мұны прокуратура қызметкерлері тексеріс кезінде анықтады.  Бұған жол бойындағы ағаштар, қоршаулар мен ретсіз қойылған көліктер кедергі келтіреді. Биыл он айда елордада жол-көлік оқиғасынан 2 мыңнан аса адам зардап шеккен, 23 адам қаза тапқан. Прокуратура анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде шара қабылдауды талап етті. Қазірдің өзінде 14 учаскедегі кемшілік түзетіліп, тоғыз мектеп маңында жылдамдық сағатына 20 шақырымға дейін шектелді. Енді басқа да білім беру ұйымдарының жанында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Прокуратура жүргізушілерді жылдамдықты асырмауға, ал жаяу жүргіншілерді жолдан өтерде көлік толық тоқтағанына көз жеткізуге шақырды.

Бөлісу