Басты Жаңалықтар «7-20-25»: 87 мыңнан астам ипотекалық несие берілді

«7-20-25»: 87 мыңнан астам ипотекалық несие берілді

«7-20-25» бағдарламасы басталғалы 87 327 ипотекалық несие берілген. Олардың жалпы сомасы 1 триллион 259 миллиард теңгеге жетті. Ұлттық банктің дерегінше, бір айда несие саны 476-ға, ал жалпы сомасы 10 миллиард теңгеге өскен. 1 қазанда 86 мың 851 несие рәсімделіп, оның сомасы 1 триллион 249 миллиард теңгені құраған. Бұл бағдарлама 2018 жылдан бері жүзеге асып келеді. Нарықтағы жаңа тұрғын үйді жылдық 7 пайызбен береді. Бастапқы жарна 20 пайыз, несие мерзімі 25 жылға есептеледі. Тұрғын үйдің ең жоғары құны Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкентте – 30 миллион теңге, Қарағандыда – 25 миллион теңге, өзге өңірлерде 20 миллион теңге болып белгіленген.

Бөлісу