Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады. Қазір «Қазатомөнеркәсіп» жалпы аумағы 1 мың шаршы шақырымнан асатын алты учаскеде геологиялық барлау жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек, аумағы 124 шаршы шақырым болатын Қызылту учаскесін зерттеу жоспарланған. Президентке уранның мемлекеттік стратегиялық қорын құру барысы да таныстырылды. Биыл Үндістан мен Қытайдың ірі энергетикалық компанияларымен табиғи уран жеткізу жөнінде жаңа келісімдер жасалған. Биыл компания әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға 13 миллиард теңгеден астам қаржы бөлген. Кездесу соңында Президент ресурстық базаны ұлғайту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және әлеуметтік жобаларды жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу