Басты Жаңалықтар Президент QazaqGaz компаниясының төрағасын қабылдады

Президент QazaqGaz компаниясының төрағасын қабылдады

Қашағандағы газ өңдеу зауыты 2027 жылдың үшінші тоқсанында іске қосылмақ. Кәсіпорын жылына 1 миллиард текше метр газ өңдейді. Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған QazaqGaz басшысы Әлібек Жамауов айтты. Кездесуде Бейнеу – Бозой – Шымкент газ құбырының екінші желісі мен Қарашығанақтағы жаңа зауыт құрылысы да сөз болды. Сондай-ақ Көкшетау мен Петропавлды газдандыру, 1 млн 300 мыңнан астам есептегішті цифрландыру жоспары таныстырылды. Президент жылыту маусымында газбен тұрақты қамтуды және газ қорын ұлғайтуды тапсырды.

Бөлісу