Басты Жаңалықтар Тегеран: Келіссөз 7 талап орындалғанда ғана өтеді

Тегеран: Келіссөз 7 талап орындалғанда ғана өтеді

Тегеранның талаптары орындалмайынша Ормұз бұғазы ашылмайды. Мұны Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи мәлімдеді. Ол АҚШ Тегеранның 7 шартын орындағанда ғана, келіссөз өтетінін ескертті. Бұған қоса, Иранға қарсы шабуыл жасалса, ел Ядролық қаруды таратпау туралы келісімнен шығуы мүмкін деді. АҚШ пен Израиль Иранға ақпанның 28-де соққы бере бастады. Ал шілдеде Тегеран мен Вашингтон қақтығысты тоқтату туралы меморандумға қол қойды. Дегенмен дау кейін қайта тұтанды.

Бөлісу