Флорида штатында ұшақ құлады
АҚШ-тың Флорида штатында ұшақ құлап, оның бортында болған адамдар қаза тапты. Апаттың себептері әзірге жарияланған жоқ. АҚШ Федералдық авиация басқармасы мен Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі мамандары оқиға орнында тергеу жүргізіп жатыр. Кейбір ақпаратқа қарағанда, апаттан бірнеше минут бұрын пилот диспетчерлерге ұшақтың мұздануын, ауа температурасы -47 градусқа дейін төмендегенін, сонымен бірге турбуленттілік туралы хабарлаған.
Қайғылы оқиға Флорида штатының Палм-Бич қаласында болды. Бизнес-джет тұрғын үйлер аумағына құлаған. Реактивті ұшақтың бортында болған 9 адамның барлығы қаза тапты. Техас штатындағы Остин қаласынан ұшқан әуе кемесі Багам аралдарына бағыт алған еді. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз.
Рон Десантис, Флорида штатының губернаторы:
Оқиға орнында тұрмыз. Құдды бір зымыран құлағандай әсер қалдырады. Палм-Бич округы шерифінің департаментіне, өрт сөндіру-құтқару қызметіне тез жеткені үшін алғыс айтам. Ұшақтың сынықтары әр жерде шашылып жатыр. Тергеу біткеннен кейін жаңа ақпарат беріледі.
Апат алдында пилоттар биіктікті арттыруды сұрағанымен, көп ұзамай ұшақтың күрт төмендеп, рұқсат етілген жылдамдықтан асып кеткенін жеткізген. Экипаж апат белгісін беріп, жағдай күрделенгенін диспетчерлерге хабарлады. Алайда бірінші хабарламадан кейін 35 секунд өткенде пилоттар кабинасынан «Бізде уақыт жоқ» деген соңғы сөз жазылып қалған. Ұшу сараптамасына сәйкес, ұшақ жерге қарай тігінен минутына 3 мың метр жылдамдықпен құлдилаған. Алдымен ағашқа соғылып, электр желілерін үзген. Апат орнында үлкен шұңқыр пайда болып, өрт шықты.
Ұшақ құлаған жерге жақын елді мекеннен 600 тұрғын эвакуацияланды. Апаттан жергілікті инфрақұрылымға зақым келген. Ал АҚШ президенті Дональд Трамптың Мар-а-Лаго резиденциясы бұл жерден шамамен 14 шақырымда орналасқан. Ақ үй басшысы төтенше жағдайдан 1 сағат бұрын үйінен Air Force One ұшағына мініп ұшып кеткен. Қазір оқиға орнында мамандар тергеу жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы