Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
Қазақстан жаппай цифрланған, жасанды интеллект жүйесі қарқынды дамыған елге айналуға тиіс. Бұл – елдің стратегиялық міндеті. Президент «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің ел болашағы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Президенттің пайымынша, бұл технологиялар таяу болашақта әлемді түбегейлі өзгертіп, экономиканың дамуына тың серпін береді. Сондықтан жаңа технологияларды меңгеру – уақыт талабы. Бұл пікірді жастар да қолдап отыр. Жас буын жасанды интеллектіні болашақтың ғана емес, бүгінгі мүмкіндіктердің кілті деп біледі.
Әрсен Орынбас, IT маманы:
Президентіміз әділетті қоғамға шыншыл сөз кітабында жалпы цифрлық дәуір туралы айта кеткен. Ол жерде жасанды интеллект туралы баса назар аударды. Осылайша біз креативті индустриямызды, халықаралық беделімізді тіпті цифрлық экономикамызды дамыту арқылы жаңа деңгейге өтеміз. Қазіргі таңда бізде барлық мүмкіндік бар осыған сай.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы