Басты Жаңалықтар Мәслихат сайлауына 10 971 кандидат тіркелген

Мәслихат сайлауына 10 971 кандидат тіркелген

Мәслихат депутаттығына 10 971 кандидат тіркелген. Орталық сайлау комиссиясы 1 қараша сағат 18:00-ге дейін жүргізілген тіркеу қортындысын жариялады. Сонымен 3 113 бірмандатты аумақтық сайлау округінде 9 752 кандидат тіркелді. Осылайша, орта есеппен бір депутаттық мандатқа 3 адам үміткер болып отыр. Ал партиялық тізімдер бойынша 20 өңірде 99 тізім тіркеліп, олардың құрамына 1 219 кандидат енгізілді. 43 пайызы квоталық санатпен ұсынылған. Бұған дейін белгілі болғандай барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қараша өтеді. Барлығы 228 мәслихатқа 3 447 депутат сайлануы тиіс.      

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар мен партиялық тізімді тіркеу кеше аяқталды. Осыдан кейін сайлауалды үгіт насихат кезеңі бас алды. Бұл – сайлау науқанының маңызды кезеңдерінің бірі. Осы кезеңде барлық кандидаттар мен саяси партиялар үшін тең жағдай жасау, сайлау науқанының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету өте маңызды.

Сайлауалды үгіт жұмыстары 1 қараша күні сағат 18:00-де басталып, 28 қараша күні түнгі сағат 00:00-де аяқталады. Ал 28 қараша – тыныштық күні. Бұл күні кандидаттар мен саяси партияларға сайлауалды үгіт жүргізуге болмайды. Ал дауыс беретін күні толтырылған сайлау бюллетенін фотоға немесе бейн жазбаға түсіруге, жариялап, таратуға тыйым салынады. Бұл талап сайлаушылардың еркін таңдауын және дауыс беру құпиясын сақтауға бағытталған. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының отырысында саяси партиялардың бюллетеньдегі орналасу реті жеребе арқылы анықталды. 

Азамат Айманакумов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Кей өңірлерде 7 партия толық емес. Мысалы, 3 партиядан, 5 партиядан болуы мүмкін. Егер бір партия болмайтын болса, онда сол партиядан кейінгі тұрған партия жоғары көтеріліп соның орнын басады.

Бөлісу