10 ЖОО-ның студенттері білімдерін сарапқа салды
Жошы ұлысы, Алтын Орда және қазақ мемлекеттілігінің тарихи байланысы. Осындай атаумен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде республикалық пәндік олимпиада өтті. Еліміздің 10 жоғары оқу орнынан жиналған 30 студент тарих бойынша білімін сарапқа салды. Олардың қатарында Маңғыстау, Қостанай, Алматы қалаларынан келген студенттер бар. Олимпиада қатысушылары 1-4 курс студенттері арасынан іріктелген. Үш адамнан құралған команда, төрт кезең бойынша бақ сынады.
Мақсат Алпысбес, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі:
Үздіктер міне осы жерге келіп топ құрып, 4 деңгейлі кезеңнен өтеді. Біріншісі Жошы Ұлысына байланысты талдамалы бейнеролик түсіреді, екіншісі эссе, үшіншісі тест өтеді. Төртіншісі топ басшылары өздерін Алтын Орда тарихы туралы білімдерін сынасады.
Санжар Үсенов, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенті:
Біздің ғылыми жобамыздың тақырыбы қазақ хандығы мен Жошы Ұлысының сабақтастығын дәлелдеу. Өйткені ол қайтыс болған соң Сарайшыққа жерленген. Неге оның таңдауы осы қалаға түсті? Мүмкін ол Алтын Орда Жошы Ұлысының хандары сияқты осы империяның жалғастырушысы, мұрагері ретінде санаған шығар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы