Автошерушілер Олимпиадашыларды қолдады
Қарағандыда 22-ші Қысқы Олимпиада ойындарына қатысып жатқан қазақстандық спортшыларды қолдауға арналған автошеру өтті. Еліміздің көк байрағын көкке көтерген 10-нан астам көлік қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. Мұз сарайынан басталған автошеру «Шахтер» стадионында аяқталып, эстафетаны Қарағанды спортшылары қабылдап алды. Олардың құрамында қысқы спорт ойындарында үздік өнер көрсетіп жүрген сайыпқырандарымыз бар.
Юрий Мальчушкин, шеруге қатысушы:
Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз. Бұқаралық спортты дамытуға аз да болса, өз үлесімізді қосайық деген ниетпен автошеруге шықтық. Сондай-ақ, Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайтын жерлестерімізге сәттілік тілейміз.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада ЖИ көмегімен жасалған фильмдер фестивалі өтіп жатыр
03.10.2026, 14:35
🚀 Astana Hub Battle: 14 стартап финалға шықты
03.10.2026, 14:19
AI & Digital Bridge 2026: Астанада eGov 3.0 және мемлекеттік қызметтердің болашағы талқыланды
03.10.2026, 13:56
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28