Президент Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрін қабылдады
Президент Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарварды қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Біріккен Корольдікпен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға айрықша мән беретінін және Ұлыбритания Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Былтыр екіжақты сауда-саттық көлемі 83 пайызға артып, 1,6 миллиард доллардан асқан. Қазір елімізде 500-ден астам британиялық компания қызмет етеді. Президент кездесуде Ұлыбритания Премьер-министрі Эндрю Бёрнэмге жылы лебізін жолдап, Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Ал лорд Сарвар елімізбен стратегиялық серіктестіктің дәйекті түрде ілгерілеп келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді. Сонымен бірге, британиялық бизнес жобаларға қолдау көрсетіп, Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат қалыптастырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Бұдан бөлек, кездесуге қатысушылар энергетика, көлік-логистика, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру келешегін қарастырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы