Басты Жаңалықтар Астанадағы жаңа медициналық кешеннің құрылысы қазанда аяқталады

Астанадағы жаңа медициналық кешеннің құрылысы қазанда аяқталады

Астанада тәулігіне мыңға жуық пациент қабылдайтын жаңа медициналық кешеннің құрылысы қазан айында аяқталады. №2 көпбейінді қалалық аурухана базасындағы бес қабатты нысанның аумағы 7 мың шаршы метрден асады. Мұнда 118 төсек, оның ішінде 18 реанимациялық орын болады. Кешенде операциялық блок, травматология және инсульт орталығы жұмыс істейді. Диагностика үшін 3 Тесла МРТ, компьютерлік томограф, ангиограф және заманауи рентген аппараттары орнатылады. Сонымен қатар сол жағалау тұрғындарына арналған травматологиялық пункт тәулігіне 100-120 науқас қабылдауға есептелген.


Бөлісу