Түркияда ресми түрде жаңа жұмыс істеу тәртібі енгізілді
Түркияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі осы аптадан бастап ресми түрде гибридтік жұмыс істеу тәртібін енгізді. Яғни жаңа ереже бойынша жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы өзара келісім негізінде азаматтар қызметін үйде отырып атқаруына болады. Осылайша жұмыс аптасы екіге бөлінеді. Оның бір бөлігі жұмыс орнында, қалғаны үйде өтеді. Бұған дейін мұндай жұмыс тәртібі кей жерлерде бейресми қолданылып келген еді. Енді осыған құқықтық сипат берілді. Дегенмен жаңа ереже жұмыс аптасын қысқартуға немесе жұмыс сағатын азайтуға бағытталмаған. Түркия билігі қабылдаған 2027-2029 жылдарға арналған жаңа бағдарлама аясында жұмыс тәртібін өзгерту арқылы өнімділікті арттыру, азаматтардың жеке өміріне көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік жасау көзделген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы