Басты Жаңалықтар Малайзиялық студенттер Қазақстанға оқуға келді

Малайзиялық студенттер Қазақстанға оқуға келді

Қазақстанға малайзиялық студенттер келеді. Олар еліміздегі жоғары оқу орындарына оқуға түспек. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Малайзия – Орталық Азия – 2026» халықаралық форумында айтылды. Бүгінде Малайзия білім алуға қолайлы әлемдегі 14 үздік елдің қатарына кіреді.  1000-нан астам отандасымыз қазір сонда оқып жатыр. Ендігі мақсат қос мемлекеттің жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайтып, академиялық ынтымақтастыққа арналған ортақ алаң қалыптастыру. Сонымен қатар екі өңірдің білім беру әлеуетін ұштастырып, адами капиталды дамыту бағытындағы бірлескен мүмкіндіктерді арттыру.

Нови Тажуддин, Еducation Мalaysia Global services ұйымының бас атқарушы директоры: 

Қазіргі таңда университеттеріміз арасында серіктестік орнатылып, бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Жуырда Ғылым және жоғары білім министрімен кездесу өтті. Алдағы уақытта ықпалдастығымыз арта түседі деп ойлаймыз. Бізді энергетика, ауыл шаруашылығы және атом энергетикасы салалары қызықтырады. Дәл осы бағыттар бойынша серіктестік орнатып, трансұлттық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.


Бөлісу