Экомәдениет: Сұрыптаудан қайта өңдеуге дейін
Алматыда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында жастардың экологиялық акциясы өтті. Қатысушылар пластик, қағаз, алюминий және басқа да қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды жинап, сұрыптады. Жиналған шикізат қайта өңдеуге жіберіледі. Жыл басынан бері Алматыда акция аясында 98-ден астам экологиялық іс-шара өтіп, оған 18 мыңнан астам жас қатысқан. Қалада қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды қабылдайтын үш эко-хаб пен жүздеген фандомат жұмыс істейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мақсат – қоқысты жай ғана жинау емес, қалдықты сұрыптап, қайта өңдеу арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Мәселен, табиғатта бір пластикалық бөтелке екі жүз жылға дейін ыдырамайды. Ал бір ғана пайдаланылған батарея 20 шаршы метр топырақты немесе 400 литр суды ластауы мүмкін. Сондықтан қалдықты сұрыптау – экологияны қорғаудың ең қарапайым әрі тиімді жолы.
Рүстам Қайрыев, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі:
Біз «Батареяны өткіз де, жерді сақта!» атты науқанды тұрақты түрде өткіземіз. Ай сайын 300-400 келіге жуық пластик бөтелкенің қақпағы жиналатынын айта кеткен жөн. Мұндай қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату өте маңызды. Мәселен, қақпақтарды қайта өңдеп, балаларға арналған түрлі ойыншықтар жасаймыз. Бұдан бөлек, «Рахмет, Жер-Ана!» акциясы да жалғасын тауып келеді. Оның аясында этнос өкілдері еліміздің әр өңіріне ағаш отырғызу арқылы табиғатты қорғауға өз үлестерін қоса алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы