Басты Жаңалықтар Едіге Қожахмет: Қаныш Сәтбаев неге әдебиетке баса назар аударды?

Едіге Қожахмет: Қаныш Сәтбаев неге әдебиетке баса назар аударды?

«Жасампаз ұлт» подкастында кітап продюсері Едіге Қожахмет мен Oyorda оқырман клубының жетекшісі Ердәулет Құрал пікір білдірді.

«Қаныш Сәтбаев академияны басқарған кезде ғалымдардың айлығын төмендету керек болады. Жұмсалатын қаржы үнемделеді. Сол кезде Қаныш Сәтбаев әдебиетке бөлінетін қаржыны сақтап қалады. Себебі әдебиетте тіліміз, тарихымыз, құндылығымыз бар. Ал техника, биология ғылымдарын өзге елден үйрене аламыз. Әдебиеттің орнын ештеңе баса алмайды. Қазір меніңше, бұл пәнді көбейту керек», - дейді кітап продюсері Едіге Қожахмет.

«Жасампаз ұлт» подкастының толық нұсқасы «Qazaqstan TV» YouTube арнасында.

Бөлісу