Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
Былтыр Қазақстанның сыртқы сауда тауар айналымы 144,7 миллиард долларға жетті. Оның ішінде экспорт көлемі 80 миллиард долларға жуықтаса, импорт 65 миллиард доллардан асты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауда және интеграция вице-министрі айтты.
Ал жыл басынан бері шикізаттық емес тауар экспорты
19,5%-ға артқан. Сонымен бірге ауыл
шаруашылығы өнімдерінің экспорты да айтарлықтай өскен. Мәселен, күнбағыс майының
экспорты 49,1%-ға, мал азығы 68,2%-ға және ұн экспорты 37,1%-ға артқан. Өнімдер
негізінен Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстанға экспортталған.
Айдар Әбілдабеков экспорттық инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар жұмыс атқарылып жатқанын жеткізді. Қазір бес шекара маңында сауда хабы қалыптастырылуда. Қорғас хабында 45 жоба іске асырылып, олардың жалпы құны 91 млрд теңге болған. 2028 жылдың соңына дейін тағы 75 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл шамамен 6,5 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Вице-министрі экспорттаушыларды қолдау жайына да тоқталды. Айтуынша, кәсіпкерлерге шетелдік нарыққа шығу үшін сертификаттау рәсімдерінен өтуге, тауар тасымалдау шығындарының бір бөлігі өтеледі. Өткен жылы мұндай қолдауға 100 отандық өндіруші ие болған.
Айдар Әбілдабеков, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:
Сауда және интеграция министрлігі мүдделі мемлекетті органдармен бірлесіп, сауда рәсімдерін оңайлату және өткізу пункттері мен теңіс порттарында жұмсақ инфрақұрылым деп аталатын инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Негізгі назар сыртқы экономикалық қызметтерге қатысушылар үшін рәсімдер мен әкімшілік кедергілердің санын қысқартуға, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл процестерін кезең-кезеңмен цифрлық форматқа көшіруге аударылуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы