Түркістан облысында ₸103 млн субсидияны жымқырған
Түркістан облысында мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 103 млн теңге
субсидия жымқырылған. Қылмыстық топтың заңсыз әрекетін Қаржылық мониторинг
агенттігі өкілдері анықтады. Мемлекеттен бөлінген субсидияны алу үшін
күдіктілер үшінші тұлғалардың атына
ресми тіркелген 4 жеке кәсіпкерлік нысанды пайдаланған. Осы арқылы олар
ақпараттық жүйелерге мал сатып алу, асылдандыру жұмыстарының жүргізілгені
туралы жалған мәліметтер енгізген. Кейін солардың негізінде субсидия алуға
өтінімдер берген. Күдіктілер бюджеттен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға
айналдырып, бөліп алғаны анықталды.
Ернар
Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне тыйым салынды. Олардың қатарында 2 тұрғын үй, 4 автокөлік, автотұрақ орны және жер телімі бар. Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14