Басты Жаңалықтар EGov Mobile: «Заң мен тәртіп» сервисі жаңартылды

EGov Mobile: «Заң мен тәртіп» сервисі жаңартылды

EGov Mobile қосымшасындағы «Заң мен тәртіп» сервисі жаңартылып, құқық қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер мен цифрлық сервистер бір жерге топтастырылды. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы өкілдері хабарлады. Мысалы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасы және жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісіне куә болсаңыз, бірден «102» сервисіне хабар жолдауға болады. Сонымен бірге азаматтар дербес деректердің таралып кеткенін «Nomad Guard» арқылы біле алады. Ал тауарлардың таңбаланғандығын «Naqty Оnim» сервисі анықтап береді. Аталған бөлімде қарыздар мен микрокредиттерден бас тартуға арналған цифрлық шешімдер де бар. Бұған қоса, сервис арқылы соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама алуға, шетелге шығуға тыйым салынғанын тексеруге, әкімшілік айыппұлдарды іздеп, төлеуге болады. Еске сала кетейік, «Заң мен тәртіп» сервисі былтыр маусымда іске қосылған. Содан бері ол шамамен 1,4 миллион рет пайдаланылған.


Бөлісу